Аумақ
Құрылыс пен әрлеу саласындағы шеберлерге не үшін сұрақ қоямыз?

 

Тапсырыс қабылдаған адамның, шебердің алкогольге жақындығын білу не үшін қажет?

 

Ұсталардың ішкілікке салынып, бастаған жұмысын тастап  кетуі, жұмыс орнындағы заттарды арақа айырбастап жіберуі, онан қалды ішкілікке жақын ұсталардың жұмыс мерзімін созып жіберетіні кездесіп тұратын құбылыс

 

Ұстаның ішкілікке жақындығын білу арқылы, атқарылатын жұмыстың барысы жайлы біршама ақпарат алуға болады

 

Сол үшін де біз, ұстаның жұмыс уақытында алкогольді ішімдіктен аулақ болуына аса назар аударамыз

 


 

Ұстаның отбасылық жағдайы не үшін сұралады?

 

Әдетте отбасылы, бала-шағалы адамдар жауапкершілікті болып келеді. Ал отбасы толық емес адамдардың арасында теріс мінез, теріс қылық секілді көріністер жиі орын алатына жасырын емес

 

Біздің мақсатымыз, адамдарға қызмет көрсететін ұстаның неғұрлым сапалы да тиянақты қызмет жасауын қамтамасыз ету

 


 

Ұстаның заңдық статусын білу не үшін керек?

 

Әдетте заңдық статусы бар ұстаның жауапкершілігі де жоғары болады. Сонымен қатар мемлекет алдында міндеттеме алған адамға қызметті сеніп тапсыру, онымен ресми келісімшарт жасасуға мүміндік береді

Бұл әсіресе заңды тұлғалар арасындағы қызметтер мен жұмыстар кезінде аса маңызды

 


 

Шебердің руын білу не үшін қажет?

 

Әр адам өзінің әулетімен, ағайынымен өісп-өнеді, көгереді. Жақсы іс жасаса ағайын-туғанына жақсы ат әкеледі. Жаман іс жасаса, өзін ғана емес, ағайын-туғанын да жерге қаратады.

Қоғамдық жауапкершілікке үйренген кезде, біз Қазақылыққа қайта ораламыз

Қазақ тарихы мен шежіресі

 


 

Comments powered by CComment


Іздеу

Ұнады

Себет

Байланыс